"Балалығын ұрлап керегі не?": Қызының шашын бояған Аша Матайды жұрт аямай сынға алды

0
5 429

Аша Матай қызы Асылымның шашы мен тырнағын бояған.


Жұлдызды жұптың тұңғышы шашын қызғылт түске бояған. Бұл видео желіде тез тарап кеткен. Ол видеода өзінің шашының түсі өзгергенін көрген Асылым қуанышын жасыра алмайды. Оның қасында сөйлеп тұрған анасы екенін даусынан тану қиын емес.


Бірақ бұл видеоны көрген желі оқырмандары кішкентай қыздың шашын бояғанына қарсылықтарын білдірген. Олар "Құдай-ай кішкентай қыздың шашын бояп, ерте есейтіп қайтеді, ертең-ақ үлгереді ғой шашын бояп. Балалығын ұрлап керегі не?", "Өте ерсі жас баланы неше түрліге бояу. Ақша көп, жұмыс жоқ. Сосын істеп отырған ғой. Бояудың өзі қымбат тұрады. Осыны көріп басқалар да боямақ" деген сынды пікірлерін толассыз жазуда.

Сондай-ақ желі қолданушылары Аша Матайдың орысша сөйлегеніне ренжіп, түрлі пікірлер қалдырған.