«33 мың доллар тұрады»
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова құны 33 мың доллар тұратын концерттік бас киімін көрсетті. Оны кезінде күйеуі Заманбек Нұрқаділов арнайы таза күмістен соқтырып, асыл тастармен әшекейлеп, сүйікті жарына сыйға тартқан екен.
«Өзі сондай ерекше, 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады», - деді өнер иесі.
Мақпал Жүнісова салмақты, ерекше бас киімді тек Алматыда ғана киетін көрінеді. Басқа қалаларға алып жүру өте қиын екен. Қала берді, қолды болып кете ме деп қауіптенеді.
«Жеке концертімде басымызды тік ұстап тұрып кидік. Домбырамен жеті өлең айттым. Бір жағынан басыңды тік ұстап тұруға жақсы екен. Жеңіл бас киім кисең кейде басың қалтылдап кетеді. Ал бұны кисең еңсек көтеріліп, басқаша болып тұрасың», - деді Халық әртісі.