"Бауырымыздың көңілі босап, егіліп тұр": Нұрболат Абдуллиннің әкесі өмірден өтті

0
12 313


Эстраданың жарық жұлдыздарының бірі Нұрболат Абдуллиннің әкесі өмірден өтті.

Бұл туралы әншінің тыңдармандарына өнердегі достары айтты. Алдымен досына көңіл айтқан Қайрат Нұртас оған сабыр тіледі.


Сонымен қатар, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Нұрболаттың әке туралы ән айтқан видеосын жүктеп "Әкенің ең жақсы жездедей емес" негізі " жезденің ең жақсы әкедей" шығар түбірі. Әйтпесе қазақ " алпыс апаң ана болмайды, жетпіс жездең әке болмайды" демес еді ғой. Бүгін бір суық хабар келді. Қазақтың бойы, сойы, ақылы, парасаты келіскен сері жігіттерінің бірі @nurbullin бауырымыздың әкесі өмірден өтіпті. Мына видеода Нұрболаттың әкесі өмірде бар, бірақ бауырымыздың көңілі босап бәрібір егіліп тұр. Алла ақыр жайын хайырлы етсін, иманы жолдас болсын, Нұрболат! Қайғыңа ортақпыз!" деп жазды.

Әншінің тыңдармандары да оның қайғысына ортақтасып, сабырлық тілеухан.