Белгілі кинодраматург: "Төреғали фильм түсіріп жатыр дегенде құйқам тырыса бастаған, бірақ..."

0
5 015

Бүгін Алматыда Төреғали түсірген "Ұлы дала комедиясы" фильмінің жабық көрсетілімі өтті.


Белгілі кинодраматург:

Әні мен қатар әр ісі хит Төреғали Төреәлінің кино түсіріп жатқанынан көп жұрт хабардар. Дайын болған фильмнің бүгін журналистер мен өнер жұлдыздарына арналған жабық көрсетілімі өтті. Бұл кешке бас сұққан кинодраматург, сыншы Айдана Аламан фильм туралы ойын өзінің парақшасына жариялады.

Айдана Аламан: "Бағана "ҰЛЫ ДАЛА КОМЕДИЯСЫНЫҢ" премьерасында кинотеатрды азан-қазан қылып жіберген көп көрерменнің ешқайсысы мұнда фильм туралы пікірлерін жазбаған сияқты. Аз да болса «әу» деп қояйын))

Негізі премьераға бүгінгідей «уақытым босқа кетеді-ау...» деп онша менсініңкіремей барған жақсы екен. Сонда кішкене арық айтып, семіз шыққандай, көңілің аз да болса тойып қайтады)))

Өз басым Төреғали Төреәлінің шығармашылығын аса ұнатпаймын, фильм түсіріп жатыр екен дегенді естігенде құйқам одан ары тырыса бастаған. Бірақ фильмінен кейін кішкене ұната бастағандаймын...)))

*КВН-нің ұсақ әзілдерінен құралса да;
* бастапқы 20 минутынан кейін фильм динамикасын жоғалтса да;
*тіпті 30 бен 55 минут ортасында түсірілім тобы фильмдерінің жанры комедия екенін өздері де ұмытып кетсе де;
*сценаристі аз да болса тұспалдай алмай, кейіпкерлерінің аузына айдан анық диалогтар салып берсе де;

Қарапайым көрермендерге ӨТЕТІНІН, жоспарлы бокс-офисін жинай алатынына сеніп қайттым.

Шоу-бизнесте жүргендер сүрінген сәтінің өзінен ақша жасаудың жолын жақсы біледі. Өнердің басқа саласында жүргендерге де соны үйрену керек сияқты...".

Бірақ бұдан өзге өнер жұлдыздары көрсетілімнен сурет жүктегенімен, пікірлері мен ойыларын әлі жазбады.

Фото: toregalitoreali

ERNUR.KZ