"Бір жеңін не жұлып кеткен?": Тамара Асардың жаңа образын тыңдармандары сынға алды

0
3 582


"Өзіңді салыстыратын бір адам ғана бар. Ол өткен шақтағы өзің" дейді әнші Тамара Асар.

Өзінің өткеніне көз салып, осы ойлармен келісетінін айтқан ол тыңдармандарымен ой бөліскісі келген.

Десе де желі оқырмандарының назары әншінің жазбасына емес, оны ашық тұрған иығына түскен.



"Бір иығың қайда кеткен?" деген олар, әншіге өз сын-пікірлерін жазған. Көпшіліктің ойынша әншіге бұл стиль жараспайды әрі оның статусына келмейтінін айтқан.

Әнші де олардың пікірін жерге қалдырмай, әрбіріне жауап беріп, келесіде екі иықты киім киетінін айтыпты.