​«Біраз әнші күйеуімнің арқасында танымал болды»: Толқын Забирова күйеуін сынағандарға жауап берді

0
4 852

"Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды"


​«Біраз әнші күйеуімнің арқасында танымал болды»: Толқын Забирова күйеуін сынағандарға жауап берді


Әнші Толқын Забирова күйеуінің ұлтын сынандарға жауап берді. Ол өзінің «Инстаграм» парақшасына былай деп жазды: «Достарым! Жолдасымның атына келіп жатқан құттықтауларыңызға мың рахмет!


Біреуі білсе, біреуі білмейтін шығар, өмірлік жарыммен Алла қосқанына 26 жыл болды! Үш ұлымыз дүниеге келді! Бізді қосқан - өнер жолы! Махаббат пен өнер ұлтты таңдамайды... жүрек таңдайды. Иә, ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде (Жамбыл облысы,Мерке ауданы) өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшаң теңіз! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздардың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. (Аттарын айтпай-ақ қояйын, білетін адам біледі)


Адамгершілігі, жан пәктігі, кең жүрегі (айтарым көп) болмаса, қасынан мен табылар ма едім?! Одан да әр Ару өзінің теңін тауып, бақытты болсын деп тілейік!


Таңдай соғып отырғандарға айтарым: мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз, мен бақытты әйелмін. Адамды ұлт арқылы емес, ісінен бағалау абзал. Көп ұлтты Қазақ елі бірлігімен, ынтымағымен жасай берсін! "Жақсы сөз - жарым ырыс" дейді атам қазақ. Жақсы сөз айтудан жалықпайық, достар».


Айта кетейік, Толқын Забирова осыдан біраз күн бұрын өзінің жеке парақшасына күйеуінің суретін салып, «Қосағыммен қоса ағару нәсіп етсін. Бақытты болғаныма рахмет айтам. Туған күніңмен!» деп жазып қойған болатын. Оқырмандардың біразы әншінің басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанын түсінбей, сын-пікір қалдыран еді.