"Біздің арқамызда блогер болдың": Айжұлдыз Адайбекова оқырмандарына үндеу жасады

0
155

Желі жұлдызы көпшілік орындарда фотоға түсуге өтініш жасайтын оқырмандарына ескерту жасады.


Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

ERNUR.KZ. Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова халыққа үндеу жасап, оқырмандарына ойын бөлісті, деп жазады stan.kz.

Желі жұлдызы көпшілік орындарда фотоға түсуге өтініш жасайтын оқырмандарына ескерту жасады.

“Мен баламмен немесе анаммен бірге болып, мейрамханада түскі ас ішіп отырғанда, суретке түсуді өтінбеуіңізді сұраймын. Бұл – қарапайым этикет ережелері, біз де адамбыз. Сондай-ақ, менің рұқсатымсыз баламды видеоға немесе суретке түсіруге болмайды", – деді блогер.

Одан кейін Айжұлдыз “Біздің арқамызда блогер болдың” деген оқырманына да жауап берді.

“Үш рет фотоға түсуге бір адам келді. Біз сыпайы түрде суретке түсуден бас тарттық. Өйткені фотоға түсуге дайын емес едік. Қарнымыз ашып, көңіл-күйіміз болмай тұрды. Әрі киімдеріміз де онша емес еді. Ол мен келіспегесін ұлымды фотоға түсіре бастады. Бұл – әдепсіздік. Мен агрессия көрсететін жанжалқұмар адам емеспін. Бірақ бұл — біреуге дөрекілік көрсетуге, мазасыздандыруға немесе орынсыз пікір айтуға болады дегенді білдірмейді. Өзіңнен баста. Ең алдымен өзіңе деген құрметтен баста. "Бұл сендер біздің арқамызда блогер болдыңдар" деген сияқты сөздерді айтудың қажеті жоқ. Мен кім болсам да бәрі тек Алланың қалауымен. Құдайдың рөлін өз мойныңызға алмаңыз. Аспанға секіріп, "бұл менің арқам" деудің еш қажеті жоқ. Баршаңызға сүйіспеншілік пен жақсылық тілеймін. Сосын ол адам бізге бір нәрсе қарыз сияқты, ашулы түрде өкпесін айта бастады", – деді Айжұлдыз.