​«Бөлмемізге саусақ таңбасы арқылы кіреміз»: Қыран Талапбек зәулім үйін көпшілікке көрсетті

0
1 288

«Жеке ұшақ, бірнеше вилла әперсе тоқал алуға рұқсат»


​«Бөлмемізге саусақ таңбасы арқылы кіреміз»: Қыран Талапбек зәулім үйін көпшілікке көрсетті

Мобилограф Қыран Талапбек блогер Бейбіт Әлібековке сұхбат беріп, зәулім үйін көрсетті.


"Ата-анамды көндіріп, бұрынғы үйімізді саттық. Оның ақшасы тек осы жерді алуға ғана жетті. Бұрын бұл жерде ескі үй болған, толығымен сүріп тастап, басынан салдық. Үйді бастан-аяқ бітіруге 1,5 миллион доллардан астам ақша кетті» деді Қыран Талапбек.


Екі қабатты, 500 шаршы метрді құрайтын хан сарайындай үйде Қыран Талапбек әйелімен, ата-анасы және бауырымен бірге тұрады. Үйдің дизайнын толғымен кәсіби мамандарға тапсырыпты.


Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаштың айтуынша, үйдің үлкендігінен кейде бір-бірін көрмей қалады екен. «Біздің бір-біріміздің бөлмелерімізге рұқсатсыз кіре алмаймыз. Себебі жатын бөлмелеріміздің бәріне тек саусақ таңбасы арқылы ғана кіреміз. Бөгде адамдарға есік ашылмайды» деді ол.


Сонымен қатар, бағдарлама барысында Қыран Талапбектің жұбайы Гүлзада үйдегі әр бөлменің ерекшелігін, гардеробтарды, ондағы киімдердің құны мен санын айтып берді. «Жеке ұшағым болып, мен қалаған елден, қалаған қаладан жеке виллаларым болғанда, "болды, басқа ештеңені қаламаймын" деген кезде күйеуіме екінші әйел алуға рұқсат берем. Оған дейін ол менің қалауларымды орындап, әперіп отырады» деп мәлімдеді Гүлзада Тұрлаш.


Айта кетейік, Гүлзада Тұрлаш Қыранның екінші әйелі. Ол бұған дейін Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекке үйленген болатын. Араларында Назар есімді бала бар.