Бүгін Қазнетте ең көп таралған жаңалық - Қайрат Нұртастың мейрамханада ұсталуы.
Оның әркім сан-саққа жүгіртіп, түрлі әңгімелерге арқай етіп жатыр. Бұған дейін әншінің Семейде де тойда болғаны туралы ақпарат тараған еді.
Аталмыш іске қатысты Қайрат Нұртастың өзі әлеуметтік желіде видео арқылы жауап берген. Ол өз сөзінде туған күнге барғанын мойындап, "дәл мені ұстатқысы келді ме?" деп күдіктенген.
Қайрат Нұртас: "Не әңгіме болып жатыр. Қашты дей ме? Алматыда жүрміз. Кеше бір ағаларымыздың туған күніне барып едік, сол дәл мені ұстағысы келді ме? Маған қарап қалды ма, білмеймін, әйтеуір. Алланың көзі тура болсын, жақсылық болсын".
Бірақ бұл видеосын жазба ретінде жариялаған жоқ. Десе де әншінің соңғы жазбаларына оқырмандары "Подвалда нестеп журсин Кайрош?", "Тағы ұсталдың ба тоймен???!!! Қашпадың ба камераға түспей", "Карантинде усталдын ба Кайратым" дегендей пікірлер қалдырып, тілмей түйреп кеткен.