"Дана сөздерді жазғанмен, халықтың сұрағына жауап бермейсіз!": Сәкен Майғазиевке оқырмандары реніш білдірді

0
3 206


Сәкен Майғазиевтің соңғы жазбаларына оқырмандар сыни пікірді көп жазған. Олар "Білмеймін, кімге сенерімізді білмей қалдық қой?! Жайлаған жемқорлық, қолдарына биліктің ұшы тисе жеуге дайын тұрады. Қазаққа қазақ жау болдық", "Сіз неге, осы дана сөздерді жазасыз да, ана журналист қыздың "шуына" халық алдында жауап бермейсіз? Мəн-жайды ашып айтатын орныңыз бар емес пе?" деген ауандағы пікірлерді жазған.

Оған бір себеп - Сәкен Майғазивтің мына жазбасы.

Сәкен Майғазиев: "Бір көзі жарақаттанған (тіпті бір көзі ойылған) адам келіп шағым айтса, шешім шығаруға асықпа. Өйткені екі көзі бірдей жарақат алған жан келіп шағымдануы мүмкін. АЛЛА білуші! Уақыт көрсетеді"

Әнші көбінде шешім мен таразыны Жаратушыға қалдырғанын білдіретін жазбалар жариялайтыны рас. Оқырмандар да соны байқаса керек, "Ойланып отқан фотосын қойып астына, "Алла білуші!Уакыт көрсетеді демей-ақ халықтың алдына шығып, осы қаражат осы жаққа жұмсалды, міне дәлел" деп неге айтпайды? Ана кызды соттатып бостан босқа! Ол қыз да білгісі келетін шығар шындықты! Салып ақтала береді, ақтала береді. Алланы ауыздарына алып, араластырып... Дұрысы - шығып есеп беріңіз халыққа!" деген ойды көптеп жазған.

Бірақ әнші жағдайға қатысты ешқандай ресми ақпарат бермеді.