Димаш Құдайбергеннің атасы 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті

0
1 010

Бұл туралы Айтбаевтардың отбасылық досы Асхат Маемиров хабарлады.


Димаш Құдайбергеннің атасы 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Қазақтың ғана емес, әлемнің жұлдызына айналған Димаш Құдайбергеннің атасы өмірден өтті. Бұл қайғылы жаңалықты олардың отбасылық достары, режиссер Асхат Маемиров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Асхат Маемиров: "Халқымыздың бағына Димаштай ұлды тәрбиелеп өсірген, еліміз үшін қазақтың сыйлы шаңырағы - Айтбаевтар әулетінің тірегі болған Құдайберген Айтбайұлы ақсақал 82 жасқа қараған шағында бақилық болды.

Адамгершілік асыл қасиеттерімен, адами болмысымен, азаматтық келбетімен баршамызға жарқын үлгі болған, ел-жұртына ақсақалдық ақ батасын беріп, өнеге мен тағылымның көзіндей ерекше жан еді... Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын өркендетуге арнаған Құдайберген әкейді Алла Алдынан жарылқасын!

Ұрпағын ұлтқа, елге қызмет етуге тәрбиелеген тұлғасынан парасат пен тектілік үйлесім тапқан Құдайберген әкей шын мәніндегі мемлекетшіл азамат болды.
Миуа апамызға, Қанат пен Света достарымызға, Димаш баламызға, барлық ағайынға қайғырып көңіл айтамыз.

Марқұмның жаназасы 15 маусым шығарылады".


Мұны естіген өнерлі отбасының жанкүйерлері "қайғыға ортақпыз" деп, өздерінің жанашырлықтарын жазып жатыр.