"Дым демеймін...". Иығы ашық көйлек киген Ерке жұртқа ұнамай қалды

0
6 278

Оқырман: "Үлкен әулеттің қызысың ғой, киіміңе мән бер!"


Тек хит әндер шырқайтын Ерке Есмахан иығы ашық көйлек киіп жұртқа ұнамай қалды.

Өзінің парақшасына бір иығы ашық сурет жүктеп, "Дым демеймін, сіздер дейсіздер ғой бәрібір..." деген әншіні тыңдармандары сынның астына алған.


Тек әдемі әндерін ғана тыңдап үйренген жұрт, оның бұл қылығына үрке қарағанын жазылған пікірлерден аңғаруға болады.

Өз ойларында Еркенің керемет образын жасап алған жанкүйерлері: "Танымал болу үшін, бұлай киінбе" деп өтініш айтты. Сондай-ақ, олар Еркеге көбірек кітап оқып, өзінің жақсы қабілеттерін дамытуға кеңес берді.

Фото: erke_esmahan

ERNUR.KZ