"Еркек еркектің бетін сүйе ме?": Жұрт Қайрат Нұртастың бетін сүйіп алған Нұрболат Абдуллинді сынға алды

0
3 436

Қайрат Нұртастың бетінен сүйген Нұрболат Абдуллин желі қолданушыларына жақпай қалды.


Қайрат Нұртастың бетінен сүйген Нұрболат Абдуллин желі қолданушыларына ұнамай қалды.

Әлеуметтік желіде екі әншінің видеосы кең тарады. Онда Қайрат Нұртас ән айтып жатқан кезде тамақ жеп отырған Нұрболат Абдуллин келіп "Көрдің бе, сағындым!" деп, Қайраттың бетін сүйіп алады. Бейнежазбадан екеуінің тойда отырғандарын аңғаруға болады.

Бұл видеоны көрген тыңдармандары "Еркек адамға жараспайды" деп, олардың қылықтарын қатты сынға алды. Олар желіде "Қазақтың жігітіне сай қылық емес еді", "Еркек еркектің бетін сүйе ме? Қызтекелер сүйеді", "Қазақтың жігіттері бірінің бетіннен бірі сүймеген. Қумаңдар, естеріңді жиыңдар" деген сияқты пікірлерді жаңбырша жаудыруда.

Видео әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ.