Ескендір Хасанғалиев өзін "өлді" деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек

0
8 115

Бүгін әлеуметтік желі де Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды деген ақпарат тарады.


Ескендір Хасанғалиев өзін

Бүгін Ескендір Хасанғалиевке арналған еске алу посттары көптеп жарияланды. Оған себеп -әлеуметтік желіде жалған ақпараттың тарауы. Бұл хабарды желі қолданушыларынан бөлек, ақпараттық сайттар да жариялап үлгерген болатын.

Бағымызға орай, халық әртісі тірі және ол туралы жеке парақшасында өзі жариялады.

"Құрметті, халқым! Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат- өтірік! Мен Оқжетпесте демалысымды өткізіп жатырмын" деген әнші, бұл жалған ақпаратты таратқан газетті сотқа беретінін де айтқан.

Енді аңыз адамның тірі екеніне қуанған жанкүйерлері оған амандық пен ұзақ ғұмыр тілеп жеілде жазбалар қалдыруда.


Естеріңізге сала кетейік, өткен айда әншіге ота жасалған болатын. Қазір жағдайы жақсы, бір қалыпқа келгенін әншінің өзі растаған.

Біз де өз кезегімізде, сүйікті компазиторға ұзақ өмір тілейміз!

Фото: eskendir_khassangaliev

ERNUR.KZ