Қайрат Нұртас "бесінші баласының" келуін күтпеген бе?

0
1 740

"Бесінші баламның аты - AZHYRASAM" деп жазды актриса Жұлдыз Абдукаримова.


Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Абдукаримова "бесінші баласы" туралы әлеуметтік желісінде жариялады. Ол бұл туралы былай деп жазды.

"Бесінші баламның аты - AZHYRASAM. Бұл - менің алғашқы продюсерлік еткен және басты рөлге түскен толықметрлі фильмім туралы болатын. Қанша жыл армандадым, сосын мақсат еттім, ойға салдым, ол аузымнан сөз боп айтылды, сол сөзге жан бітіп іс боп өмірге келді".


Алайда, Қайрат Нұртас бұл туралы жазба жарияламады.

Айта кетейік, фильм 29 желтоқсаннан бастап еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетіледі.