Қалаулымнан қашып шықтық: Жобаның экс-қатысушылары қанша ақша алғанын ашып айтты

0
3 703

Экс-қатысушылар Qalayym Live бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтып берді.


Қалаулымнан қашып шықтық: Жобаның экс-қатысушылары қанша ақша алғанын ашып айтты

ERNUR.KZ. Тележүргізуші Мұхит Сапарбаев OYBAY SHOW жобасында Qalayym Live шоуының экс-қатысушыларымен кездесіп, бағдарлама туралы көпті алаңдататын сұрақтардың жауабын білді, деп жазады tengrinews.kz.

Экс-қатысушылар жобадан неге шығып қалғанын, енді немен айналысатынын, сондай-ақ Qalayym Live бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Экс-қатысушылар бағдарламадан нақты қанша ақша алып келгенін және сценарий бойынша жұмыс істегенін ашық айтады.

"Бағдарламадағы болмысымыз қазіргі өмірімізге сай келмейді. Өмірге реніші бар, ажырасып келген долы әйелдің рөлінде ойнадым", - дейді қатысушылардың бірі.

Ал журналистің бағдарламадан қанша ақша алдыңдар деген сұрағына олар ашық жауап беруді жөн көрді: "Цифрын айту керек пе? 6250 теңге. Ең соңғы айлығымызды ешқайсымыз алған жоқпыз. Ай сайын алатынбыз. Сонда шамамен 125 мың теңгедей шығатын".

Сондай-ақ, экс-қатысушылар бағдарламаға қатысқанына өкінбейтінін айтты.

Себебі, олардың айтуынша, көбі жобаға танымал болу үшін, "абырой жинау үшін" келгенін ашық айтады. Осыдан кейін жүргізуші ойын ұйымдастырып, экс-қатысушыларды жанжал шығаруға шақырады. Осы кезде экс-қатысушылардың ішінен Әділет пен Ұлдана есімді жігіт пен қыз таңдап алынып, олар бағдарламадағыдай ұрыс шығарады.

Айта кетейік, Qalayym Live жобасы демалыс күндерін қоспағанда күн сайын 3 сағат эфирден көрсетіледі. Бағдарламаны әнші Аша Матай жүргізеді.