Бұл видеоны көрген оқырмандардың ойы екіге бөлінген.
Әншінің қызы Аяла бұрыннан желіде танымал, өзінің де арнайы парақшасы бар. Үнемі тәтті қылықтарымен, қызықты видеолар жүктеп көрерменнің көзайымына айналып үлгерген.
Кішкентай Аяланың ақ орамал тағып, Фатиха сүресі оқып отырғанын анасы өз парақшасына жүктеген.
Мұны көрген желі қолданушылары риза болып, оның зеректігіне таң қалысқан. Олар "Періште, тәтті тілінен! Қарақат жарайсың, тәрбие жақсы! Иманды қыз болып өседі, Алланың қамқорында болсын!", "Тіләнәі тәттісін-ай!", "Баланың тілегі қабыл" деген сынды жылы лебіздерін көптеп жазған.
Десе де арасында кішкентай қызды орандырып қойғанына сын айтқандар да табылады. "Әлі ерте ғой былай киіндіріп қойған періште балапанды ,қазағым ау не болып барамыз келешегіміз не болып барады қорқынышты...Ата - анасы оқысын қарсылық жоқ", "Құрттай періштеге аппақ орамал тағып қойғаныңыз дұрыс емес. Тұрмысқа шыққанда ақ орамал тағады" деген ойларын жазған.