"Карантин әншілерге жаман әсер етті": Күйеуін бейнебаянға түсірген Салтанат Бақаева көпшілікке ұнамай қалды

0
3 170

Оқырмандар: "Дым ренжіме, бірақ өзіңіз біліңіз аха, дым да ұнаған жоқ осы жолы".


Әнші, актриса Салтанат Бақаева соңғы кездері күйеуі екеуі желінің белсенді қолданушыларына айналып келеді. Олар осы кезге дейін түрлі видолар түсіріп, оқырманның қызығушылығын оятып жүрген болатын.

Ал осы аптада әншінің жаңа "Жаным" деген әніне түсірілген бейнебаян жарыққа шықты. Онда әнші өзінің күйеуімен бірге түскен.

Бірақ бұл жаңалығы көпшілікке ұнамай қалған сияқты, өйткені олар "Біздің әншілерге карантин қатты әсер етіп жатыр екен, барлығы жаман жаққа өзгеріп, шайтанға ұқсап барады" деген пікірлер жазған. Сондай-ақ олардың көпшілігі Салтанат Бақаеваға қазақы образдарға ғана жарасатынын айтқан.


Ал әнші өз кезегінде бұл бейнебаянға жолдасын түсіру оңайға түспегенін, келісімін әрең алғанын айтыпты.