Белгілі әнші өзімен бірге дуэт орындаған жігітке тұрмысқа шыққалы жатқаны рас па?
Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден
Жақында ғана келін түсіріп, ене атанған Ақбота Керімбековаға көз салып жүргендер бар екен. Кіммен дуэт айтса, сол әншімен жұбтарын қосыпты деген сыбыстар шығып жүрді. Соңғы дуэті, өз қарамағында бірге жұмыс жасайтын Бақтығали есімді әншімен де жұрт қосып үлгерді. Десек те, әнші Бақтығалидың әпкесінен дәмесі де жоқ емес, тек қарамай жүр дейді. Бұл жайында "Астана" арнасындағы "Ел аузына" бағдарламасында айтты.
Бұл сыбыстың басы Бақтығалидың дәл осы сұхбатынан басталса керек.
"Ақбота әпкемізге жігіттердің бәрі ғашық қой. Маған қарамайды, қараса алар ем" - деп өзінің әріптесіне деген ойын байтты.
Алайда, Ақбота Керімбекова бұл әңгімені кезекті өсек-әңгімеге балады. Оқырман санын көбейту үшін жалған парақшалар атынан өзі туралы болмаған жайттарды естігенде жағамды ұстаймын дейді әнші.
"Өзімнің қолымда 15 жылдан аса қызмет жасап жүрген, туған бауырымдай болған. Ұрысатын кезде ұрысып алатын Бақытғали азамат. Туғанымдай болып кеткен бауырым. Ылғи айтып жүретін, әпке бір дуэт айтайықшы деп. Енді менің қолымда қаншама жыл еңбектеніп жүр ғой. Сөйтіп, өзінің шығарған әнін айтқан болатынбыз. Кейінен инстаграмнан қарап қалсам жазып жатыр неше түрлі. Мынау рас па?,- деп. Ашып қарасам, Құдай-ай, шыны керек шошыдым. Қандай адам еш қорықпай біреудің артынан сөз айтып, өзінің парақшаларындағы санын көбейту үшін жалған ақпарат таратады. Сол ел Бақытқали екеуімізді үйлендіріп жатыр екен. Жақында тойы болады деп те жазыпты",- деді әнші.
Ал, Ақбота Керімбекованың болашақ жары деп ел өсектеп жүрген Бақытғалидың да сыбыс әңгіме туралы да айтары бар.
"Бірігіп ән айттық. Бұл әннің тағдыры да бір шетінен өзімнің тағдырыммен де байланысты, Ақбота әпкеге де келеді. Осы өлеңді ұсынып едім, сол ұсыныс тастаған күні дауыс жасып тастадық. Дәл бұлай әңгіме деп ойлаған жоқпын. Ол кісіні әпкемдей көремін",- деп алғашқы берген сұхбатын жуып-шайғандай болды.