Кәріс қызы қазақ бишісін құшақтап жібермейтін көрінеді...
Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай шаһарында 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында өткен болатын. Әлем елдерінен 170 мемлекет қатысқан көрмеде Қазақстан павильоны сан алуан қызықты дүниелерімен, ДНК-шоу, адам мен жасанды интеллект, сондай-ақ, басқа да қызықты дүниелермен көзге түсті.
Шетелдік көрермендерқазақстандық павильонға кірген бойда күшті әсер алғанын, атмосферасы керемет, музыка, өсімдіктер, ал оның ішіне жарық диодтарын орнатып қойғанын, өте әдемі көрінетінін айтқан-ды. Екінші қабатындағы инсталляцияда: күн қозғалады да, Қазақстанның таң атқаннан кеш батқанға дейін қалай өзгеретінін көруге болады екен.
Отандық павильонда технологиялық және стратегиялық жобалардан бөлек, қазақ ән-күйі мен биі әуелеген сәтте көз салмаған, құлақ түрмеген келуші қалмапты деседі. Оған мына бір оқиға дәлел болса керек.
ПЕРIШТЕ ЖҮРЕК
"Біріккен Араб әмірлігінің ең ірі қаласы Дубайда «Expo-2020» көрмесі өтіп жатыр.
Сол көрмеде кiшкентай кәрic қызы Луна, үнемі ата-анасының қолынан жетектеп алып келiп, қазақтың би өнеріне тамсанып тамашалап, таңданып, бейне бір ғажайыпқа келгендей болады екен..
Қызым өнер көрсетiп болғанда, ол мiндеттi түрде шауып келiп қапсыра құшақтап жiбермейтiн көрiнедi...
Ата анасы әрең айырып алып, олардың айтуынша Луна өмірде тұйық қыз, көп сөйлемейді, бірақ қазақ өнеріне тамсанып, бауырмалдық сезім оянғанына бізде қуанып көзімізге жас алып тұрмыз- дейтін көрінеді.
Ия, сәбидің әр нәрсені білуге талпынғаныны өз алдына, оның өнерге деген махаббаты, айналасын нұрға бөленген кіршіксіз таза көңілі мен перiште жүрегі аман болсын", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.
Міне, осылайша қазақтың өнеріне Дубай төрінде кішкентай кәріс қызы Луна да бас иіп, айрықша әсер қалдырыпты.
Бұл көрініске желідегілер: «Періште сәби оң энергетиканы сезіп тұр-ау», «Сәби жүрегі кіршіксіз тап-таза, ешнәрсемен салыстыра алмайтын», «Қандай тамаша, тіл көзден аман болсын, тек биіктерден көріне берсін!», «Мейірім төгілген тамаша видео», «Бала жақсыны тани біледі. Жүрегінен сол» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.