Баян Мақсатқызы осыны меңзеп, жиен інісінің жұбайын күлдіремін деп ұятқа қалдырды.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
ERNUR.KZ. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әпкесі Бәтес Байлының ұлы Айдар Асқарбектің жұбайы, актриса Жарқынай Ханайымды ұятқа қалдырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым «Рауза» телехикаясында басты рөлдерді сомдаған. Артынша шын өмірде де көңіл жарастырып, шаңырақ көтерді.
Қос актер бүгінге дейін айырылысып, қайта қосылғаны белгілі. Баян Мақсатқызы осыны меңзеп, жиен інісінің жұбайын күлдіремін деп ұятқа қалдырды.
«Біздің келініміз. Бірақ бірде келін, бірде келін емес. Әйтеуір, қазір келін. Бізге Армениядан мынандай сыйлық алып келді. Анар жемісі Арменияның ерекші символы болып есептеледі. Адамның байлығын арттырады деген түсінік бар. Рақмет, Жарқынай, бізді ойлап жүретінің қуантады. Жағдайың жақсы ма? Сен қазір біздің келінсің ғой?» - дейді Баян Мақсатқызы.
Желі қолданушылары Баян Мақсатқызының бұл әзілін орынды қабылдай қойған жоқ.
«Қорлап тастады ғой», «Баянның қыздарына біреу солай айтсыншы, бірден пост жазып шығады, жеке шекарадан өтуге болмайды деп», «Мәә, мен болсам мына жерде, ініңіз бірде күйеу, бірде күйеу емес болған соң солай болып қалдық, келінге емес ініңізге де айтсаңыз жарар еді деп тістеп алар едім», «Жарқынайдың жазығы жоқ,Баян дұрыс сөйлемей тұр, үлкен әйел қалай болса солай», - деп жазды желі қолданушылары.