Өнер иесі үйінің құрылысы бітпей тұрғанын айтты.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaoffic...
ERNUR.KZ. Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа пәтеріндегі жөндеу жұмыстарын көрсетті, деп жазады stan.kz.
Өнер иесі үйінің құрылысы бітпей тұрғанын айтты.
"Менің отырысымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүргендер түсінеді. Бәрін бір-бірімен үйлестіру үшін де уақыт пен сабыр керек. Сосын қомақты қаражат керек", – деп жазды ол.
Актрисаның әріптесі Мадина Сәдуақасова да үйінің құрылысы бітпей тұрғанын жасырмады.
"Бір жарым айда құрылысын бітіріп көшетін адамбыз, 4 ай болды әлі жүрміз", – деді әнші.
"Құрылыс ақшасы бардың ақшасын шашады, ақшасы жоқтың бір жерін ашады және бәрінің бетін ашады", "Процесс сәбидің бақылауында ғой", – деп жазды көпшілік.