​«Күйеуім де, қызым да, ұлым да уақытша...»: Жазира Байырбекова желіде жан сырын ақтарды

0
2 698

«Бәрін бір Аллаға тапсырамын»


​«Күйеуім де, қызым да, ұлым да уақытша...»: Жазира Байырбекова желіде жан сырын ақтарды

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жан сырын ақтарды. Ол өзінен «Сабырлылығыңның сыры неде?» деп сұраған оқырмандарына жауап беруді жөн көріпті.


«Өмірдің уақытша екенін ұмытпау керек. Тіпті күйеуім де, ұлым да, қызым да. Әркімнің жақсы көруі, құрметтеуі, қамқорлығы өз қалауымен болса жақсы, болмаса мәжбүрлемеу керек. Ешкімнің маған ештеңеге міндетті емес екенін білемін. Жамандар жаман болайын демейді, жай, болмысы солай. Ешкімге пайдасы жоқ адамдар миына, жүрегіне мейірімділік салмағаннан. Адамның миына идеяларды Алла тағалам салады.


Бір адамның ұнамайтын қасиеттерін көргенде сол адамның бойынан жақсы қасиетті іздеп табуға тырысамын. Сабырлылығымның сыры – жақсы қасиеті жоқ, негативтерімен шаршататын адамнан (туысым болса да) алыс жүру. Маған бұйырған несібе ешқайда кетпейді. Мені алдаған, маған қиянат жасағысы келетін, мені сыртымнан жамандап сөгетін адамдарды Аллаға тапсыру. Кез келген жетістікті, жақсылықты, несібені өзімнің өнерім, өзімнің еңбегім демей, Алланың беріп жатқанын сезіну. Біреу баладан, біреу күйеуден, біреу бауырдан, біреу қайын жұрттан, біреу достарынан, біреу қызметінен бақыт көреді. Адам өмірінде барлығы идеально болмайтынын түсіну. Мені сабырлы ететін осы ойларым шығар», - деді Жазира Байырбекова.


Әйтсе де өнер иесінің бұл ұстанымын психолог-мамандар құп көрмейді екен.


«Менің кей ұстанымдарым мамандардың айтуынша, денсаулығыма зиян екен. Бәрін кешіріп, бәрін ақтап алып жүре бермей, арасында ұрысып, ренжитін жағдайда ренжіп айтып тастауым керек екен. Әрбір адам – бұл өмірдің актері. Рольге енбейтін жаңа туған сәби ғана!», - деп сөзін түйіндеді Жазира Байырбекова.