«Күндіз имам, түнде Иван»: Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталу себебін айтты

0
1 475

«Намазхан болу мен үшін енді мәртебе емес»


«Күндіз имам, түнде Иван»: Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталу себебін айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова сәтсіз аяқталған екінші некесі туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі күйеуі екеуінің ажырасуына не себеп болғанын түсіндірді.

Мөлдір Әуелбекоа Instagram желісінде сұрақ-жауап ашып, өткен өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Ол екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын ашық айтты.


Өнер иесі енді өзі үшін өмірлік серігінің намазхан болуы маңызды емес екенін жеткізді.


«Бірінші жолдасым намазхан емес еді. Ол адамда бәрі керісінше болды. Екінші жолдасым намазхан, тіпті ұмраға 7-8 рет барған. Одан бөлек үлкен қажылығын өтеп келген «қажы»еді. Бірақ «күндіз имам, түнде Иван» екенін көрсетті. Сол себепті имам болу немесе қажы, намазхан болу мен үшін енді мәртебе емес» , - деп жазды ол.