"Өлімнен шоу жасау": Желі қолданушылары ұшақ апаты жайлы бағдарлама түсіріп, оған астролог, экстрасенстер мен әртістерді шақырған «Хабар» арнасын сынға алды.
ERNUR.KZ. «Хабар» телеарнасы «Давайте говорить» бағдарламасының кезекті шығарылымын Алматы маңында Bek Air ұшағының апатына арнады. Қонақтар арасында астролог Гүлмира Махметова мен экстрасенс Бақыт Жұматова болды. Олар қайғылы оқиғаны күннің тұтылуымен түсіндірді, деп жазады Stan.kz.
Әнші Нұрлан Абдуллиннің айтуынша, астрологтар оған жаңа жыл қарсаңында ұшпауға кеңес беріпті.
Астролог Гүлмира Махметова 26 желтоқсанда күннің тұтылғанын айтады. Оның сөзінше, күн тұтылуы басталғаннан үш күн болып және тағы үш күн жалғасады екен.
«Кеше күннің тұтылуы болды. Бұл күндер өте қиын болып саналады. Сондықтан тез шешім қабылдаудан сақ болу қажет. Мұндай кезде үйде отырған жөн», – дейді астролог.
Оның сөзін Бақыт Жұматова да қоштады.
«Расымен де сол күні күннің тұтылуы болды. Барлығы оқи алатындай етіп біз жаздық. Айттық да. Бірақ неге бұл адамдар ұшуға осы күнді таңдады?», – дейді Жұматова.
"Әрине, ешкім астрологқа сене бермейді. Бұл өмір", - дейді Айгүл Мүкей
"Астрология тұтас ғылым. Бірақ қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын", - деді Бақыт Жұматова.
Желі қолданушылары ұшақ апаты жайлы бағдарлама түсіріп, оған астролог, экстрасенстер мен әртістерді шақырған «Хабар» арнасын сынға алды.
Олар «Өлімнен шоу жасау», «Рейтинг қуалау. Бұған қарау өте аянышты және күлкілі», «Одан да бұл бағдарлама шықпағаны дұрыс еді» деп жазды.
«Негізінде біз жаңа жылдық мерекелік бағдарлама жасағымыз келген. 2019 жылды қорытындылап, жаңалықтармен бөліскіміз келген. Алайда, өмірдің өз доспары бар», – дейді Айгүл Мүкей.