"Көп өсек айтатыным, адамдарды жамандайтыным есіме түсіп, қатты жыладым”
Көпшілікке Құралай ханым ретінде танылған коуч, мотиватор Құралай Ошақбаева Шымкент қаласында “Bai bolaiyq” трансформациялық семинарын өткізді.
Коучпен кездесуге алыс-жақын қалалардан келген әйелдердің саны 800-ге жуықтаған. Олардың қатарында Қызылорда, Алматы, Тараз, Ақтөбе және Нукус, Қарақалпақстан секілді аймақтардан келгендер де бар.
Ұйымдастырушылар Құралай Ошақбаеваның бұл жолғы кездесу-тренингі практикалық сабақтармен ұштасқанын айтады. Әсіресе адамның өз тәнімен жұмыс істеуіне басымдық берілген көрінеді.
800-ге жуық әйелмен өткізілгенсеминар 8 сағатқа созылып, онда әйелдер өз бойындағы, өміріндегі түйткілді проблемалар туралы бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
“Медитациялық практика кезінде денем істемей, ауа жетпей қатты қиналдым. Әсіресе ернім қисайып, өмірім есіме түсіп кетті. Көп өсек айтатыным, адамдарды жамандайтыным есіме түсіп, қатты жыладым”, дейді есімін атап көрсетпеуді өтінген коучтың семинарына қатысушы келіншек.
Семинар барысында әйелдердің көбі өткен өміріне анализ жасап, өздерінің потенциалын ашуға көмектескенін айтуда.