Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділованың әр жазбасы оқырман үшін қызу пікір талас алаңы деуге болады. Өзі, әкесі және отбасы туралы қызықты дүниелерімен бөлісіп жүретін Құралай Заманбекқызы бұл жолы анасы туралы айтты.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Нағыз қазақ! И папа, и мама! Когда домыслы и кем-то необходимо создать не тот имидж значимым людям усиливаются слухами, то приходится обращать внимание почитателей к первоисточнику.
И я лично скажу!
Папина мама была албанкой и никогда дунганкой. В принципе я толерантна и счастлива что живу в многонациональной стране , но слухи порой необходимо опровергать.
Мама, по имени Нурбике, с Баканаса, нагыз жалайыр кыз. Нагыз қазақ қыз.
Менде де көп ауылда жұрдым, ауылда да қалада да өскен қыз болдым. Сонымен қазақша да жаксы сойлегенмын... бірақ не болып кетты, неге коп орыс тіліне көшіп кеттім білмей қалдым! Уйде ,жолдастармен сойлемын гой енды, инстаграмда енды енды келе жатырмын.
И кстати, я нашла причину почему в какой-то период перестала говорить на родном.
Но об этом я напишу отдельный пост... и в моей книге об этом будет целая история!" деп жазды.
Мұны оқыған желі оқырмандары оның отбасы туралы естеліктеріне қызығушылық танытып, тағы да жаза түсуін сұраған. Анасына ұқсайтын қызға оқырмандары "Қай тілде жазғаның маңызды емес, тек жаза беріңіз" деген сынды пікірлер жазған.