"Күшік күйеу болып жүр ме?": Туған күнін өз үйінде тойлаған Төреғалидың қарындасы жұртқа жақпай қалды

0
5 960


Төреғалидің қарындасы ретінде ғана емес, танымал блогерге айналып үлгерген Фариза Төреәлі өзінің туған күнін атап өтті. Бір қызығы күйеуге шыққан қыз атаулы мерекесін өз үйінде тойлаған. Бұл жайт желі оқырмандардың таңданысын тудырды.

Ата-енесін өз үйінде күтіп алған жас келіннің қылығын ерсі санағандар, оның бұл қылығын сынға алған.


Туған күннен қызықты бейнелер - Фаризаны құттаған және оның қонақтарды күтіп алған, жарының тосын сыйы сияқты сәттердің видеолары желіде жедел-ақ тарап кетті. Ал оларды сынаған пікірлер одан да көп.

Мысалы, "Анасы келінініне сонша тәрбие беріп қыздарын неге еркімен жіберген. Қыз ата енесін күтіп алып бірге келмей ме төркінге", "Келінді шықпыртып ұстағанда баледей. Қыздары қалай болса, солай! Не ата-енесіне сәлемі жоқ! Төркінде жур! Ата- енесімен бірге ата-анасын күтпей ме екен?! Ол келін де біреудің осындай қызы ғой негізі. Атасымен құшақтасып амандасатын келіндерді түсенбеймін ше?", "Сәлем салмады ғой... Елдің бәріне келін болуды үйрететін Толқын жеңгең қайын сіңілісін келін болуға үйретпеген бе.....әлде өзің сол керемет жеңешеңнен үлгі алмадың ба... Ол сіздің үйдің келіні, сен басқа үйдің келінісің дегендей. Секектеп шауып шыққаны несі? Атаңды бас салып сүймегеніңе шүкір!" дегендей сөздермен Фаризаның келін ретіндегі қызметтерін еске салып, оның қылықтарын ерсі санаған.

Ал тағы бір тобы күйеуі, спортшы Дархан Нортаевты да "Күшік күйеу" дегендей сөздермен түйреп өткен.