"Маған сен жетпей тұрсың!": Жанар Байсемізова алыстағы күйеуін туған күнімен құттықтады

0
6 623


"Күдіктенетін жаста емеспіз" деген Жанар Байсемізова күйеуінің туған күнінде жан тебірентерлік жазба жариялады.

Қазір екеуінің екі қалада екенін айтқан журналист, тұрмысқа шықпай тұрып-ақ "Күйеуім көзіме шөп салмайды" деп айтатынмын дейді.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасына, "Как бы это печально не звучало), но мне тебя реально не хватает!”. Бүгін жарымның айтқан сөзі жанымды тебірентіп жіберді ғой.
Эдуард қазір Шри-Ланкада. Бұл жолы менсіз. Біз бір бірімізге сенеміз. Күдіктенетін жаста емеспіз. Жолдасымның маған адалдығына ешқашан күмән келтірген емеспін. Оны кездестірмей тұрғанда, үнемі айтатынмын - “Мой муж не будет изменять мне” деп.

Бұрын красавчик еркектерге қатысты брутальный, холеный, импозантный деген сөздерді жиі қолданатынмын:).
Жасырмаймын еркектердің түріне қатты мән беретінмін әсіресе көзінің қыртысы бар ма деген сұрағыма құрбыларым жатып күлетін.
Солай, өзім онша емес болсам да брутальный жігітке жар болдым.
Бір секрет айтайын, үйленгеннен кейін Эдуард, “оказывается у тебя ноги кривые и бровей нету” дейді ғой Маммма)))
Алланың некеге дейін көзіне мені сұлу ғып көрсетіп қойғанын айтам да.
Әйтпесе Эдуардтың экс-қыздары модель, биші, гимнастка болған ғой).
Махаббат деген осы шығар.
Қырсық мінезімді, нашар хозяйкалығымды, оның ойындағыдай саусағынан бал тамған әйел болмағанымды қабылдап жүр. Кейде қашып кеткісі келеді ақ бірақ кете алмайды)).
Бәрін айт та, бірін айт туған күннің жырын айт. Бүгін Эдуард туған күнін Үнді мұхитының жағалауында өткізіп жатыр. Мен “печалька” боп үйде отырм десем әзіл ғой. Сіздермен бөліскім келді. Қазақтың алтын күйеу баласына тілегіңізді аямаңыз" - деп жазды.


Мұны көрген оқырмандары өздерінің де ыстық ықыластарын аямай жазуда. Олар екі жұпқа жақсылық тілеп, "Құдай қосқан қосағын Едуардты туған күнімен құтықтаймын! Жауынгерлік мінезімен өзіңе әрқашанда қорған болып,бақытты ғұмыр кешіңдер. Бай-қуатты болыңдар!", "Алла жақсыға жақсыны жолықтырып, қосып қояды ғой. Эдюляның туған күні құтты болсын. Мәнді етіп,бірге ғұмыр кешіңдер. Алпыс деген алып алқындап қалса да, жүрек жартыңды іздейді. Алла қаласа" деген сынды ниеттерін жазуда.