Мақпал Қаратай: “ Ажырасқан әйелдің күйеуіне деген қимастығынан гөрі, қорқынышы басымырақ”

0
4 680

“Өзімнің жан жарамнан қорықпай, ортасына өтіп көргенде, қаншама сұрағымның жауабын таптым” , - дейді ол.


Мақпал Қаратай: “ Ажырасқан әйелдің күйеуіне деген қимастығынан гөрі, қорқынышы басымырақ”

Белгілі продюсер, коуч Мақпал Қаратай жақында өзінің ажырасқанын айтқан еді.

Бүгін ол оқырмандарына өзінің қорқыныштары мен ойлары туралы айтты.

Мақпал Қаратай: “Ажырасқаннан кейін жаныңды шырқыратқан боль болады. Мұндай күйзеліс мені де айналып өтпеді. Бірнеше күн жатқаннан кейін, мен өзіме өзім сұрақ қойдым. “Мен не үшін мұншалық қатты қайғырып жатырмын?” деген. Өзімнің жан жарамнан қорықпай, ортасына өтіп көргенде, қаншама сұрағымның жауабын таптым.

Ажырасқан әйелдің күйеуіне деген қимастығынан гөрі, болашаққа деген қорқынышы басымырақ.

1.Әрі қарай өмірім не болады?

2.Жалғыз қалып кетпеймін бе?

3.Балаларымды қалай тәрбиелеймін?

4.Ақша қалай табамын?

Осындай қорқыныштар “қылқындыра” бастағанда, бәрін тастап қайтадан өткен шаққа өтіп кеткің келеді. Сосын өткенді қазып, енді өзіңді өзің кінәлай бастайсың. “Неге бұлай жасамадым?” деп. Өткен шақ мүлтіксіз. Бәрі солай болуы керек болған.

Өткен өмірде қорқыныш жоқ. Өйткені онда бәрі қалай болатынын сен анық білесің. Ал болашақ өзінің бұлыңғырлығымен қорқытады. Қалай болғанда да, қанша “кінәліні” іздесем де, өткен шақ өтті, маған бүгінгіні қабылдау керек.

Осы тұста әрбір қорқынышыңды “желкесінен ұстап” алып, жүзіне тура қарап, түбіріне дейін қаза білсең, кәдімгідей бойың жеңілдейді, жараң жазылады. Жалпы, адам ішкі күйзеліс, қиналыс туындағанда, оны өзінше топшылай салмай, жан жарасын жазып жіберіп, айтарын ұға алса, бірден больдың артындағы өсуді (ростты) алады”.

Осылай деген психолог-коуч өзінің Стамбулдағы суретін жариялаған. Өзінің айтуынша, ол Түркия елінде біразға аялдайды.

Ал жазбаны оқыған оқырмандар олардың отбасының ыдырағанына қайғырып, Мақпал Қаратайға жігерлі сөздермен қолдау білдіруде.

Бөлісу