​«Менің орныма Қайрат кетті»: Тұрсынбек Қабатов қамаудан босап, елге концерт берді

0
6 078

«Осы концертке бес күн дайындалдым»


​«Менің орныма Қайрат кетті»: Тұрсынбек Қабатов қамаудан босап, елге концерт берді

Бес тәулікке қамауға алынған танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов бостандыққа шықты. Шыға сала алдын-ала жоспарланып қойған концертін өткізді. Бұл туралы әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанова мәлімдеді.


«Көрерменге деген құрметі қандай десейші! Бүгінгі концерттен үзінді. Халық жақсы көрмесе зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс! Айтпақшы, айта кетейінші, сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселеніп келе берсін», - деп жазып, концерттен видео салды ол.


Концерттен салынған үзіндіде Тұрсынбек Қабатов басынан өткен жағдайды әзілмен, астарлап жеткізген.


«Осы концертке бес күн өте мұқият дайындалдым. Арнайы, телефон, бәрін өшіріп тастап, ешқайда шықпай дайындалдым. Бүгін енді Қайрат кетті, концертіне дайындалады барып», - деді Тұрсынбек Қабатов.


Айта кетейік, Тұрсынбек қабатов ұшақ бортында мас күйінде стюардессалардың қызметіне көңілі толмайтынын айтып, бейәдеп сөздер қолданған. Оған қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзды деген айып тағылып, 5 тәулікке қамалып шықты.