"Менің жайымды неге ойламайсыз?": Айсәуле Бақытбек әкесі туралы сөз қозғағысы келмейтінін айтты

0
697

«Бәрін көпшілікке жария етуді бейшаралық деп санаймын».


Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек инстаграмдағы сторизінде «Сұрақ-жауап» айдарын ұйымдастырып, оқырмандардың қызықтырған сауалына жауап берді.

Арасында бір оқырманның «Туған әкеңізге барып тұрасыз ба?» деген сауалына жауап ретінде ең бір қозғағысы келмейтін тақырыбы екенін ашық айтты.

«Менің туған әкем қасымда жоқ, оны нақтылаудың не керегі бар? Иә, барып тұрамын. Бірақ осындай сұрақты қояр алдында бұл тақырыпта менің парақшамда неге жазба жоқ деп ойланып көрмедіңіз бе? Мүмкін, бұл жайында сөз қозғағым келмейтін шығар, ол мақтанатын немесе сөз етуге келетін нәрсе ме?

Бұл тақырып, әрине, маған ұнамайды, ол бәсенеден белгілі жайт. Егер өз басыңыздан осындай күй кешсеңіз, қалай, ол туралы бүкіл елге жариялап, әңгіме айтар ма едіңіз? Ендеше, осындай сұрақтарды қоймас бұрын менің орныма өзіңізді қойып, менің жайымды неге ойламайсыз?

Мен Instagram-дағы кейбіреулер секілді елдің өзіме деген аяушылығын туғызып, неше түрлі бейшара жазбалары бар суреттерді жүктеп, осындай жиіркенішті тәсілмен жұртқа жаққым келмейді. Ол барып тұрған ақымақтық, менің болмысыма, тіптен қайшы дүние. Мен өз-өзіме адалмын, не істейтінімді, қандай қыз екенімді жақсы білемін әрі мұның бәрін көпшілікке жария етуді бейшаралық деп санаймын.

Бұл айтып, талқылағым келетін тақырып емес. Құдайға шүкір, менің анам ақымақ емес, әкеммен арадағы проблемаларын балаларымен араластырып, былықтырмайды. Әкем де дәл сондай. Сондықтан, іштеріңіз күйсе де айтайын, ата-анамның екеуімен де жақсымын. Сіздер білуі керек деген тек осы арасы ғана деп ойлаймын», - деп жауап берді ол.