«Мерей – туған қызым емес»: Мақпал Жүнісова қызының тастап кеткенін айтты

0
14 303

«Асырадым, өз қызымдай көрдім»


«Мерей – туған қызым емес»: Мақпал Жүнісова қызының тастап кеткенін айтты

Әлеуметтік желіде көз жасына ерік беріп, күйінген Мақпал Жүнісованың видеосы тарады. Видеода Халық әртісі Мерей туған перзенті емес екенін, бауырының қызы екенін, шындықты жолдасы Заманбек Нұрқаділов үшін жасырғанын айтты. Екі баласы түсіп қалғаннан кейін туған бауыры «Асырап беріңіздерші» деп бергенін, өз қызындай асырағанын, Зәкеңсіз де асырап келгенін, бірақ, соның бәріне қарамай қызы өзін жалғыз тастап кеткенін айтып ашынады.


«Мен сіздердің алдарыңызда Заманбек Қалабайұлы үшін өтірік алдадым. Мерей менің туған қызым емес. Ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Өзі білсін. Біз қызды зорлықпен алған жоқпыз. Екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері «Асырап бер» деп берген. Асырадық. Зәкең өзінің тегін берді. Енді мен ол қыздың алдында басымды имеймін. Кетсе кете берсін. Бүгін кетіп қалды. Келмесе кетсін мәңгіге. Өзінің әке-шешесі, туған бес бауыры бар. Өлмейді. Барсын. Жібердім. Мен шындығымды айттым. Жылап тұрмын. Түні бойы жыладым. Көзімді көрсетпей тұрғаным сол. Мен жылап тұрмын. Болды. Енді не айтасыз маған? Иә, кетсін. Асырадым, сақтадым, өз қызымдай көрдім. Зәкеңсіз асырадым», - делінген видеода.

Желі қолданушылары Мақпал Жүнісоваға қолдау білдіріп, сабыр сақтауға шақырды.


Бейнежазбадағы әйелдің нақты Мақпал Жүнісова екені әзірге белгісіз.