Ол көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кетуінің себебін түсіндірді.
Фото: Жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Әзілкеш Нұрболхан Шарапов Instagram парақшасында қан-жоса болған суретін жариялады, деп жазады stan.kz.
Ол көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кетуінің себебін түсіндірді.
"Инстаграмға шықпай қоюымның себебі – осы. Мен бұны жай қалдырмаймын. Соңына дейін барамын", – деп жазды ол.
Әлеуметтік желідегі суретке қарағанда әзілкешке әлдекімдер шабуыл жасаған болуы мүмкін. Алайда өзі не болғанын ашып айтпады.
Айта кетейік, жайдарманшы қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғаларға өткір пікір білдіріп жүрген еді.
Астанадағы кофехана қазақ тіліне қатысты даудан кейін жұмыс істемей қалған еді. Қазақстандық белгілі блогер Нұрболхан Шарапов мекеменің желідегі жаңа парақшасын тауып алып, "Қазақша мәзiр қойыңдар дедiк пе, қойыңдар...! Болмаса аттарыңды "Орыс кофе" деп ауыстырыңдар" деп жазды.