"Өртеп жібермесем, шешпейтін сияқты": Ерке Есмахан күйеуінің киімі туралы әзілдеді

0
1 142

Жақында ғана тұрмыс құрған Ерке Есмахан күйеуімен бірге Дубайда демалып келді.


Еркенің күйеуге шыққаны елдің көп талқысына түскені рас. Ол туралы екі жақты пікірлер әлі де айтылып жатыр. Соған қарамастан Ерке өзінің бақытты екенін және дер кезінде шешім шығара білген азаматына риза болғанын айтып жүр.

Неке қию рәсімінен кейін екі жас Дубайда демалысқа аттанған болатын. Әнші қыз ол жақтан да оқырмандарына көп ақпаратын бөлісіп отырды. Бүгін Ерке Есмахан әзіл жазба жариялады. Онда күйеуінің сұр спорттық киімімен дүние жүзін аралап келгенін, өртеп жібермесе шешпейтінін жазған.



Жұлдызды жұптың жас айырмашылығы көп сөз болды. Ал өзінен 12 жас жігітке күйеуге шыққан Ерке жақында қыздарға арнап курс өткізетінін де желіде жариялаған.