Биылдан бастап қайта сахнаға оралмақ.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Белгілі әнші Нұржан Керменбаев соңғы уақытта неге көпшілік алдына шықпай кеткенін түсіндірді. Өнер иесі біраз уақыт бойы шығармашылық үзіліс алғанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Түсірілімде жүрген кей сәттерде өзіме: «Орынсыз жүрген шығармын» деген ой келді. Бір тыныштық, бір үзіліс керек секілді сезіндім. Сол себепті біраз уақытқа бәрінен бас тарттым», – деді әнші.
Нұржан Керменбаевтың айтуынша, бұл уақыт оған өз-өзімен болуға, шығармашылықты саралап, жаңа леппен қайта оралуға мүмкіндік берген.
«Осы 2025 жылдан бастап қайтадан сахнаға, түсірілімге шыға бастадық», – деп бөлісті ол.
Нұржан Керменбаев – отандық шоу-бизнестегі танымал есімдердің бірі. Ол «SuperStar KZ» жобасы арқылы танылып, бірқатар хит әннің авторы әрі орындаушысы ретінде елге белгілі.