Тойда сүйек мүжіген Серік Ибрагимов көпшілікке ұнамай қалды.
Танымал хит әндердің орындаушысы Серік Ибрагимов тойда өзінің ет жеп тұрған видеосын парақшасына жүктеді. "Аш болсаң сен өзіңе ұқсамайсың! Не тормози, Ет жиии, Сүйек мүжиии! "Досыңның асын, қасыңдай іш". Мақалға қатты сүйенетін бала"-, деп әзіл араласқан жазбасын да қоса жазған. Бірақ көпшілікке әнші жігіттің бұл қылығы ерсі көрінсе керек-ті.
Өйткені, олар жазбаға "Ужас, дым көрмеген сияқты осындай өтірік пиарларыңды қашан қоясыңдар? Өздерін атақты сезінетін сияқты.....", "Ең болмағанда вилканы қойып жемедің ба?", "Осы не əдет кішкене мəдениеттілік болу керек қой?!" деген сыни пікірлерін жаңбырша жаудырып жатыр.
Дегенмен ара-тұра хитменнің бұл видеосын әзіл ретінде қабылдап "Тамақтан ұялған аш қалады, Махабаттан ұялған жалғыз қалады", "Қарапайым, шындықты көрсетіп жүретін жігіт. Ешқандай екіжүзділік жоқ, молодец!" деген қолдау пікірлер де кездеседі.
Фото-видео: @ibragimovserik