«Өмірде ақкөңіл»
«Күйеубала» телехикаясында негізгі кейіпкерлердің бірі Тастанның рөлін сомдайтын актер Дархан Мұсаев алғаш рет жан жарымен бірге бір сериалға түсіп отыр. Актердің жары актриса Дариға Бадықова осыған дейін көрермендерден отбасылық өмірін құпия ұстап келген еді. Енді өнерлі жұптың құпиясы ашылды.
Дархан Мұсаев ұлттық арнадағы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында Дариға ханымның шынайы өмірдегі мінезі телехикаядағы мінезінен мүлдем басқа.
– Өмірде ақкөңіл. Сәл мақтап қойсаң бәрін таратып жібереді. Сәл ақырын десем, ертесіне «Ааа» аузы ашылып отырады. Түсірілімде бірге жүрген жақсы екен. Келіншегім қасымда, - дейді актер.
Оның айтуынша, Дариға екеуі кино әлеміне қадам басар сәтте жазылмаған «келісімшартқа» отырыпты. «Отбасымызды көпшілікке көрсетпейміз» деген келісім бойынша инстаграмға суретімді салғанмен, бетімді жауып шығаратын. Сөйтіп кішкентай бала құсап тұратынмын», - деді ағынан жарылып.