"Өз ақылдарыңыз өздеріңізге!": Тыңдармандары Ерке Есмаханға тоқал болуға кеңес берді

0
1 978

Бұл туралы олар әлеуметтік желіге жазған.


Жеке өмірі көп сөз болып жүрген Ерке Есмаханға бір оқырманы "Саған басқа жігіт керек еді негізі. Тоқал болсаңда" деп жазған. Бұл сөзге шамданған әнші "Өз ақылдарыңыз өздеріңізге, тасып бара жатса ақылды бала-шағаларыңызға айтыңыздар!

Мен біреудің семьясын бұзып, балаларының көз жасына қалып ешқашан тоқал болмаймын! Біреудің ала жібін аттап бақытты бола қоймаспын. Мен тәрбиені және махаббатты таңдаймын" деп жазды парақшасына.



"Жүрегім тыныш, бақыттымын!" деген әнші жеке өміріне қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берген. Көпшілігінің "кішкентай жігіт қой", "балаң бар, күйеуге тиіп не істейсің" деген сұрақтарына әншінің назы бар сияқты. Өйткені ол әркім өзінің өмірін сүрсін дегенді тура жеткізген.