Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды

0
660

Әкелінген 16 баланың 11-і ата-анасына қайтарылса, қалғандары туыстарының қамқорлығына берілді.


Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды

ERNUR.KZ. 5 сәуір күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан Өзбекстанның кәмелетке толмаған 16 азаматы еліне қайтарылды, деп жазады kaz.inform.kz.



Айтуларынша, Санкт-Петербург пен Мәскеудегі консулдық мекемелер балалардың Өзбекстан азаматы екенін анықтап, оларға қайту туралы куәлік беру шараларын қолға алған.

Балалар Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасына қарасты кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету орталығына уақытша орналастырылды.

“ Орталықта оларды ана-аналары мен жақын туыстары «Адам» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары алдын ала дайындаған құжаттарымен қарсы алды. Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік көмек көрсету олардың тұрғылықты жерінде де жалғасады”, - делінген хабарламада.
Әкелінген 16 баланың 11-і ата-анасына қайтарылса, қалғандары туыстарының қамқорлығына берілді.