Роза Әлқожа: " Бұрын "өлгім келеді" деп айта беретінмін..."

0
4 867

Әнші қазір кім үшін өмір сүру керек екенін түсінгенін айтты.


Роза Әлқожа:

Сырлы әндерін сызылта салатын Роза Әлқожа өзінің парақшасында бұрынғы кездерін есіне алып, өмірдің тәттілігін енді сезіне бастағанын айтты.

"Өмірді мұндай тәтті деп кім ойлаған?! Мен бұрын өлгім келеді деп айта беретінмін. Ата-ана, бауыр, сүйгенім, балаларым үшін жаным құрбан деп сөйлей беруші ем. Сөйтсем солар үшін де өмір сүру қажет екен-ау?!" деген әнші өзіне өзі дос болып, өзін өзі енді жақсы көре бастаған кезде дүниенің қызығы бітпеуін тілеген.

Әншінің парақшасына жазылған оқырмандары сүйікті жұлдыздарының соңғы кезде стилі өзгергенін сөз етіп, жарасымды екенін жазған.

Сөз қадірін білетін ақынның бұл жазбасы, көп оқырмандарға ой тастағаны анық. Шынында, адам баласы "жақындарым үшін өлемін" деген сөзді көбірек айтады, керісінше олар үшін жақсы өмір сүруге тырысу керек емес пе?!

Сіз қалай ойлайсыз?

Фото: roza_alqozha

ERNUR.KZ