15 сәуір сағат 12-де Алматы қаласындағы "Алмалы" мейрамханасында «ҰРПАҒЫМЫЗ АЗБАСЫН» атты отбасылар және ұжымдық байқауы өтеді.
15 сәуір сағат 12-де Алматы қаласындағы "Алмалы" мейрамханасында «ҰРПАҒЫМЫЗ АЗБАСЫН» атты отбасылар және ұжымдық байқауы өтеді.
Байқау Тәуелсіз Қазақстанның отбасы мен отбасы құндылықтарын, отбасының жағымды бейнесін көпшілік арасында кеңінен насихаттауға бағытталып отыр.
Сайыс шарттары:
І «Менің отбасым» - отбасылық таныстыру.
ІІ Қазақ халқының салт-дәстүріндегі қыз бен жігіттің орыны (Бүгін қандай, кеше қалай болған?)
ІII «Өнерлі жанұя» - қатысушылар отбасылық өнерлерін ортаға салады (ән, би, пародия және т.б. 7 минуттан аспайтын).
IV Қазақ халқының салт-дәстүріндегі ер мен әйелдің орыны (Бүгін қандай, кеше қалай болған?)
V Жігіттер арасында қол күрес (Ерікті түрде)
VI Қазақ халқының салт-дәстүріндегі ата- ананы қадірлеу (Бүгін қандай, кеше қалай болған?)
VII Байқауды қортындылау және марапаттауды өткізу
Байқау барысында: «Ұлттық дәстүр дарыған отбасы», «Көрермен көзайымы» номинацияларының үздіктері анықталады
Байқауға қатысушылардың барлығына сертификат табысталады, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталады.
Ең үздік жеңімпазды, «АЛМАЛЫ» мейрамханасы Б. Момышұлының келіні, қадірлі ана Зейнеп Ахметовамен бірге құрметті қонақ ретінде күтеді.
ERNUR.KZ