"Шалы келеді деп төсегін дайындап отырған": Танымал актрисаның әжесі туралы естелігі көпті таң қалдырды

0
1 065

Оның айтуынша, атасы әжесінің үстінен тоқал алып келген.


"Келін" киносы арқылы көпшілікке жақсы таныс Гүлшарат Жұбаева қазір "Оралман қыздың дәптерінен" деген атаумен естеліктер жазып жүр. Өзінің шешіресі, тарихы туралы әңгімелерін оқырманымен бөлісіп жүрген актриса кеше өзінің әжесі туралы естелігін жариялады.

Гүлшарат Жұбаева: "Олай емес, былай болған! Шежере дұрыс емес! Ұлтты бөлме! Руды бөлме! десеңіздер де, менің қолда бар ақпаратым осы. Мүмкін әлі талай өзгерер? Оны уақыт әлі көрсете жатар. Әркім өз ойын айтуға құқылы сіз де.

Сонымен Қазақ ұлтының басына түскен бұл ашаршылық нәубеті әрбір шаңыраққа өзіндік ащы ізін қалдырып кетті.
Нағашы жұртымыз ел ауыстырған соң да, үнемі тексерулермен бақлауда жүрдік деп айтатын.
Бар тапқанын үй шетіне көміп үстіне кірдің суын төгіп қоятынбыз дейтін әжеміз.
Анамыз 10 ағайынды ең үлкені менің анам. Отбасында төрт қыз, 6 ұл. Қаракесек руынан. Әкесі өмір бойы күріш егумен, диханшылықпен айналысқан.
Ендіше Жұбай атамызға оралайық соғыс жылдары Ресей жаққа азық-түлік жіберіп халықтың сұранысымен өзі соғысқа бармай қалған атамыз соғыс біткен соң атамыз сол ауылдағы дүкендегі жас дүкенші Латипа деген қазақ қызбен танысып қалады. Ол қыз Челябинск Магнитогорск жерінде Қарталы деген станция жақта туылған әке-шешесі соғыста қайтыс болып, өзі жұмыс іздеп осы жақтарға келіп дүкенші болып орналасқан екен. Атамыз Жұбай екеуі көңіл жарастырып Ұмытшақ әжеміздің үстіне тоқал етіп алыпты. Бәйбішесі Ұмытшақ 3 ұл бір қызды тастап тоқал алып кеткеніне ренжіпті. Бірақ іштей қартайғанша сүйіп өтіпті. Анамыз келін болып түскенде енесімен қалжыңдасып көп ойнайды екен. Анам қартайған енесіне апау бүгін шалың келіп қалады ау осы дейтін көрінеді. Сонда әжеміз Не дейді шынымен бе? деп балаша қуанып тез айнаны әкел, тарақты әкел, тфу деп алақанына бір түкіріп шашын түзеп маңдайына жарып шашын қайта өріп, орамалын қайта байлап, киімін ауыстырып дайын отырады құсайды. Кешігіп жатса тыпыршып кәзір шал келіп қалар деп төсек салып ақ простынясын жайып шетіне таза носкиін тақтап қоятын көрінеді. Басында қарт енесінің шалына деген махаббатыын қызық көрген анам сосын енесін аяп олай ойнамайтын болдым дейтін.
Тоқал болған әжеміз Латипа 5 ұл, 3 қызды болып атамыз Жұбай сол үйде қартайып қайтыс болады. Атамызды бала кезімде көргенмін. (Осы туысқандарымыз Ақтау қаласында тұрады араласып тұрамыз)
Бәйбішеден туған үлкен ұлы Сыдық та, кіші ұлы Тимур да орыс әйел алған соң болар арамыз алыстап кеткендіктен араласпаймыз.
Жалғасын жазайын ба?
#Ормалманқыздыңдәптері қызық па, сізге?" .


Оның бұл жазбасын оқыған оқырмандары "Әңгімең өте әсерлі ,шынайы. Өзге елде өссең де ана тіліңді ұмытпай, құрмет тұтып және қазақы салт-дәстүрді білгеніңе тәнтімін."Ата-бабаңның тарихына терең үңіліп ,еліңе жеткізе білгенің өзі үлкен ерлік" деп актрисаның жан-жақтылығына тәнті болған. Ал кейбірі әжесінің қылықтарын оқып, ол кісіні аяғандарын айтып, "Қызық екен. Әжеңізді сондай аяп кеттім. Ай, еркектер-ай" деген пікірлер қалдырған.