​«Шоққа түссең миллионер боласың»: Танымал бизнес-тренердің әрекетті елді шошытты (видео)

0
1 116

«Қытай тілін оқу керек»


​«Шоққа түссең миллионер боласың»: Танымал бизнес-тренердің әрекетті елді шошытты (видео)

Әлеуметтік желіде белгілі коуч, бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевтің видеосы қызу талқыға түсті. Қарыздан құтылып, жаңа кәсіп бастауға үйрететін маман бір топ адамды маздап тұрған шоқтың жүргізген.


«Ақша үшін шоққа түссең, өлмейсің! Бұл 1 миллион теңгелік қарыздан құтылу сабағы» деп жазған Аманжол Рысмендиев.


Бизнес тренердің бұл жазбасына Данияр Есен өз ойын білдірді.


«Өлә, мынау не?! Секта ма?! Небір адам бар екен ғой. Сұраныс бар жерде – ұсыныс бар» демекші, бұл коучты кінәламаймын. Демек, оған сұраныс болып тұр. Мәселе – соған баратын адамдарда. Не боп кетті өзі?! Артық 1 миллион теңгең болса, барып қытай тілін оқып алсайшы. Ары қарай Қытаймен сауда жасайсың.


Артық ауыз ештеңе айтқым келмейді. Өйткені сөзім жоқ. Ақымақ адамдарға обал жоқ екен ғой. Өзіңді қолға алып, қимылдамайынша, қарызыңнан құтылмайсың, күні-түні еңбек етесің, болды. Аффирмация, кэш-флоу, қызыл әмиян, қырт-сырттың бәрі далбаса» деді Данияр Есен.


Журналистің сөзіне желі қолданушылары да пікір білдірді.


«Бұл тамаша методика, одан тек қарыздан құтылмайсың, қорқыныштан арыласың. Көп адам өте алмайды, қорықпай өтсең аяғың күймейді», «Қарыздан құтылу үшін есек болып жұмыс істеу керек, одан басқа жол жоқ», «Күйеуімнің 10 миллион қарызы бар, 10 рет өту керек пе? Жанып кетіп, байсыз қалмаймын ба?», «Аңқау елге арамза молда», «Осыларға ақша төлеп баратындардың милары кеуіп кеткен», «Енді анау күйген аяқты емдету үшін тағы қарыз алмасаңдар игі еді» деп жазды көпшілік.