Созақтық жазушының мерейтойы үшін Алматыға арнайы келген аудан әкіміне ел разы болды

0
3 531

​Жазушылар одағының зиялы қауым өкілі,1000 шақырымды артқа тастап Алматыға арнайы келген аудан әкімінің әрекетіне таң қалды.


Созақтық жазушының мерейтойы үшін Алматыға арнайы келген аудан әкіміне ел разы болды

Созақтан шыққан жазушы, ақын Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдық мерейтойы Алматыдағы Қазақстан Жазушылар үйінде аталып өткен болатын. Бұл жиынға Созақ ауданының әкімі арнайы келіп қатысқан.

Бірақ шенеуніктің арнайы келуі көпшілікті таң қалдырған сияқты. Өйткені мұндай қызметкенрлердің әдеби кешке келуі сирек. Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, ақын Бауыржан Жақып: "Біз бұл Жазушылар Одағында талай игі іс-шараның басы қасында жүрміз. Шынымызды айтсақ мына тұрған Алматы маңындағы аудан әкімдерінің әдеби кештерге мүлде келмейді десек болады. Түймебаевты түсінуге болады. Әншілерді аузыма алғым келмейді. Түркістанды түлетем деп тынбауда. Ал сонау Түркістан Облысының Солтүстік қиырынан Созақтан Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдығына келгеніңізге біразымыз таң қалып тұрмыз. Және әкімдердің әдебиетке, қазақ өнеріне бей-жай қарамағанына көңілге жылылық ұялатты. Сіздің жерде туылған Тәкең өз өмірін жазулыққа арнауы бекер емес екен!" деп ізгі ниетін жеткізді.

Бірақ мерекелі мерейтойға арнайы келген аудан әкімі зиялы қауым өкілінен қошемет сөз естимін деп ойламағанын айтады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметкерге әдебиет пен тарихты құрметтеу міндет екенін айтқан аудан әкімі Салыхан Полатов: "Әдебиетті өткен тарих пен көркем ой, елдің бейнесі бар! Менен қарағанда сіздер жақсы түсінесіздер ол әлемді. Біздің аудан Тәкен Әлімқұлов шығармасын М.Әуезовтың бүгінге қалдырған жазба мұрасынан кем көрмейміз. Ақын жазушылар ауылымызда ардақты! Сіздерге де сырттай сүйсініп жүреміз! Әлеуметтік жағдайымыз ғана емес, алда әдеби кештердің құндылығын көтереміз!"- деген уәдесін де қатар берді.

ERNUR.KZ