Сүйісетін рөлдерді ойнай алмайтынын айтқан Самал Еслямоваға халық тәнті болды

0
21 167

Самал Еслямова сүйісетін рөлдерді ойнай алмайтынын айтты. Жақында "The Эфир" бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызына сұқбат берген актриса өзінің шығармашылығы мен алдағы жоспарлары туралы сұрақтарға жауап берді.

Жүргізушінің "Қандай рөл сен үшін жат?" деген сұрағына Самал Еслямова "Мен соны ойлап көрген жоқ екенмін. Бірақ енді, өзіме алыс, өз жан дүниеме алыс адамның рөлі болса, мен оның іс-әрекетін түсінбейтін болсам әрине, ондай рөлді ойнамас едім. Қазақпыз ғой, біз енді кішкене құшақтасып, сүйісіп... дегенді мүмкін сондай рөлді ойнай алмас едім деп ойламын" деп жауап берді.

Мұны көрген желі қолданушылары оның тектілігіне, тазалығына риза болысты.

Естеріңізге сала кетейік, Самал Еслямова "Айка" фильміндегі рөлі үшін 71-ші Канн фестивалінде үздік әйел рөлін жеңіп алған еді.

Бағдарламаның толық нұсқасы:

Дереккөз: "The эфир" бағдарламасы

Фото: gazeta.ru

ERNUR.KZ