Ит жылының алғашқы айы қуанышты сәттер мен тойларға толы болды. Соның бірі өнер иелерінің отбасы бір адаммен толығып, сәби үні естілуі. Өткен айда кімнің үйінде шілдехана болғанын барлап көргіміз келеді, сүйіншіңіз бізге болсын!
Ит жылының алғашқы айы қуанышты сәттер мен тойларға толы болды. Соның бірі, өнер иелерінің отбасы бір адаммен толығып, сәби үні естілуі. Өткен айда кімнің үйінде шілдехана болғанын барлап көргіміз келеді, сүйіншіңіз бізге болсын!
Қазақтың қобызшы қызы қаңтар айының жетінші жұлдызында қыз баланы дүниеге алып келді. Қазақ өнерін елімізге ғана емес, шет елге де дәріптеп жүрген өнерлі сұлу Есенжол есімді азаматпен отбасын құрған болатын. Сүйінші жаңалықты халыққа Ақеркенің нағашысы, атақты продюсер Гүлзира Айдарбекова жеткізді. Кейіннен қобызшы қыздың өзі де инстаграм парақшасына «Аллаһыма сансыз шүкіршілік! Бүгін біз үшін ерекше күн! Тұңғышымыздың дүниеге есік ашып келуі. Бізге ықылас білдіріп, дұға тілектеріңізді арнап, құттықтап xабарласып жатқандарыңызға алғысымызды білдіреміз!» деп жазды. Өз кезегінде жанкүйерлері мен оқырмандары ақ тілектерімен пікірлер алаңын толтырды.
Тағы бір қуанышты жаңалық әнші Мұқасан Шахзадаевтың шаңырағында болды. Сүйікті жары ағамызға төртінші рет ұл сыйлады. Ол туралы әншінің өзі әлеуметтік парақшасында «Сүйінші, ардақты ағайын! Төртінші ұлдың əкесі болу не деген бақыт еді. Аллаға сансыз шүкір! Ал ағайын, осы ұлым Ел қорғайтын, елдің қамын ойлайтын азамат болсын деп өздеріңізбен қуанышымды бөлісіп отырған жағдайым бар. Ұлымның есімін қоюға, жақсы есімдермен бөліссеңіздер!» деген жазба салып сүйіншіледі. Бір қызығы, ақпарат көздеріне сенсек, Мұқасан мырза әке болатынын жасырған сыңайлы. Себебі туыстарының өзі келіндерінің ұл босанғанын кеш естіген.
«СҮЙІНШІ ҚАЗАҒЫМ! Маxаббаттан жаралған періште өмірге келді. Әке болдым. Аллаға шүкір!» деп жүрек тебірентер жазбасын инстаға қалдырған Заман тобының әншісі Әсет болатын. Бір апта бұрын ұлды болған Әсеттің Раяна есімді екі жасар қызы бар.
Зерттеушілердің пікіріне сенсек, ит жылы дүниеге келген адамдар әділдікті сүйетіндер. Олар ақшаның, байлықтың соңынан кетпейді. Олардан жақсы ұстаздар мен бизнесмендер шығады екен. Адамның қандай болмағы әрине, Алладан. Бастысы жаңа туған сәбилердің бауы берік болсын.