Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысованың Түркістан туралы жыры елді сүйсіндірді. Түркістан қаласындағы тұсаукесер тойға қатысқан Сара ақын, кеше ғана облыс атанған Түркістанға арнап жыр оқыған видеосын өзінің инстаграм парақшасына жариялады.
Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысованың Түркістан туралы жыры елді сүйсіндірді.
Түркістан қаласындағы тұсаукесер тойға қатысқан Сара ақын, кеше ғана облыс атанған Түркістанға арнап жыр оқыған видеосын өзінің инстаграм парақшасына жариялады.
"Жүрегімдегі дүрсілдің саз үні сенсің - Түркістан!
Бетіндегі даламның әжіме сенсің - Түркістан!
Ғасырлар бойғы тарихтың қазығы сенсің - Түркістан!
Мен түгілі құстарда ән салып баяу ұшады,
Қанатын қағып бұл тұстан.
"Кәпірге таптатпаймын" деп сен үшін бабам қырқысқан,
Қашай бер ұлттың сәулетін,
Жасай бер мәңгі, Түркістан!" - деген өлең жолдары оңтүстік халқының жүрегін елжіретті.
Фото-видео: @sarkanai
ERNUR.KZ