Танымал продюсер Баян Мақсатқызының әкесі Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов өмірден өтті.
Бұл туралы Назым Басқынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Асыл ер, абыройлы азамат Мақсат Мұхитденов туралы өз естелігін жазған Назым Басқынбаева отбасына бұл қайғы ауыр соққы боп тигенін жазды.
"Қашан да жүзі жылы, сабырлы, ақылы мен тәжірибесін ортаға салып, бағыт-бағдар нұсқауға дайын, зиялылықтың символындай болған керемет жан еді... Қабырғамызды қайыстырған қаралы хабар оның айрандай ұйып отырған отбасына ауыр соққы болып тиді.
Аса қадірлі Гүлжамал Айдарқызына, Бәтес, Баян және Бағым ханымдарға, олардың өмірлік жарлары Марат, Тұрсынғали, Әділжан мырзаларға, немерелері Айару, Арланға, шһберелеріне қайғырып, көңіл айтамыз" деп жазды ол.
Желі қолданушылары мен эстрадада жүрген әріптестері де Баян-Бағым Мұхитденоваларға көңіл айтып, ықыластарын білдіруде.