Танымал вайнер Sabirkin дүниеге үшінші перзентін әкелді

0
2 270

Бұл вайнердің екінші ұлы.


Танымал вайнер Sabirkin дүниеге үшінші перзентін әкелді

"Sabirkin" лақап атымен танымал вайнер, блогер Сабина Жарасқызы үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Сәбина Жарасқызы жолдасына ұл бала сыйлаған. Бұл туралы әлеуметтік желі жұлдызының күйеуі Алмас Ақатай өз парақшасында жариялаған.

Әлеуметтік желіде түрлі күлкілі видеоларымен танымал болған "Sabirkin" жолдасы екеуі үшінші мәрте балалы болған. Бұған дейін Сабина Жарасқызы бір ұл, бір қызы бар еді.

Сабина Жарасқызының үшінші сәбиіне аяғы ауыр екені видеоларынан байқалмаған, сол себепті, сәбиін дүниеге әкелгенде көптеген желі қолданушылары бұл жаңалықты таңырқай қабыл алған.

Алайда танымал вайнердің оқырмандары оны жарыса құттықтауда.

"Құтты болсын, кішкентайларыңыздың бауы берік болсын" , "Бауы берік болсын. Шынымды айтсам, таңғалып тұрмын. Сіздің сәбии күтіп жүргеніңізден хабарсыз екенмін", "Қазақ еліне тағы бір батыр қосылыпты. Дені сау, жасы ұзақ болсын", "Бақытты болыңыздар. Көбейе беріңіздер" деп жазуда оқырмандары.